Партия шешіп берді
Партия шешіп берді
462
оқылды
«Қазақстан Фото­эн­цик­лопедиясы» жобасы авторларының бірі, фотограф, ІТ-маман Владимир Про­нин бірегей жобаны дамы­туға қолдау көрсетуді сұ­ра­ған болатын. Партия мү­­ше­лерінің атсалысуымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агент­тікті және «Қазақстан Фото­энциклопедиясы» желілік басылымын есепке қою туралы куәлік берді. Тәжірибелі фотографтың сөзінше, еліміздің көркем табиғатының суреттерін бірік­тірген сайт идеясы 16 жыл бойы белсенді фотосессия жасаған үлкен фотоматериалдар негізінде пайда болған. 2010 жылы осы бағытта allphoto.kz сайтын жасап шығарған. – Бірінші кезекте қалалардың архитектурасы мен табиғатын көрсету жоспарланған бола­тын, бірақ біз «Қазақстанн Фотоэнциклопедиясы» атауымен мемлекетіміздің ғажайып жерлері туралы барлық материалдан коллекция жасауды шештік.  2015 жылдың сәуір айында сайт іске қосылып, кез келген адам қысқа мерзімде Қазақстан халықтарының алуан түрлі мәдениетімен, қалалардың қалыптасу тарихымен, ұлттық мерекелермен, халықаралық көрмелермен, спорттық жа­рыстармен, флора мен фаунаның әртүрлі әлемімен таныса алатын болды. Бізде демеушілер болған жоқ, фототехниканы, ұйымдастыру техникасын са­тып алуға, лицензиялық бағ­дарламаларды төлеуге жұм­салатын барлық шығындарды өз қаражатымыздың есебінен жүргіздік. Осы мәселені ай­тып көмек сұраған соң, көп ұзамай маған Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевпен кездесу бұйырды. Бірнеше күннен кейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бізге мер­зімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және «Фотоэнциклопедия Казахстана» желілік басылымын есепке қою туралы куәлік берді. Біздің авторлық ұжымымызды, қыз­метімізді ресми мойындағаны үшін шынайы алғыс айтамын, – дейді жоба авторы. Жоба иесі одан әрі даму үшін грант алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтады. Егер грант ұтып алған жағдайда, жоба үлкен жетістікке жетіп, еліміздің ғажайып жерлерін таныстыра беретінін жеткізді. Одан бөлек, партияның қабылдау бөлімінің арқасында тағы бір өзекті мәселе шешімін тапты. Алматы қаласының тұрғыны Анара Құсайынованың ұлы 2019 жылы жазықсыз істі болып, сотталған екен. Баласының жазықсыз екенін дәлелдеу үшін ана жан-жақтан көмек сұраған. Заң кеңесшілері палатасы қауымдастығының атсалысуымен мамандар істің ақ-қарасын анықтауға көшеді. Сараптамадан кейін азамат Т.Ерлановтың кінәсіз екені белгілі болып, бостандыққа шыққан. – Ұлым бар болғаны 25 жаста. Қабылданған сот актілерімен келіспейтініміз туралы Бас про­куратураға өтініш-шағым біл­дірдік. Президент әкімшілігі мен «Nur Otan» партиясы септесіп, Жоғарғы сот шағымымызды қанағаттандырды. 2020 жылдың 20 мамыры күні қайтадан сот болып, ұлым жазықсыз деп танылып, босатылды. Осы істе көмек берген жандарға алғысым шексіз, – деді Анара Құсайынова. Осындай игі істерден кейін де партияның қабылдау бөлімі азаматтардың шағымы бойынша жұмыс істеуді жалғастыра бермек.  

мадиярМадияр ТӨЛЕУ