Бішкектегі митингке шыққандардың үстінен «Жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша іс қозғалды
Бішкектегі митингке шыққандардың үстінен «Жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша іс қозғалды
200
оқылды
Бішкектегі «Ала-Тоо» орталық алаңында бүгін әртүрлі саяси партиялардың жақтастары мен көшбасшылары жиналып, басқа саяси партиялардың тараптарын құқықтық қалыпқа қайтуға шақырып, талап қойды. Алайда көп уақыт өтпей олардың арасында дау туып, мұның арты жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетті, деп хабарлайды Кабар агенттігі. Бішкектің ішкі істер бас басқармасының мәліметіне сәйкес, жаппай тәртіпсіздік кезінде белгісіз адамдар мінберде тұрған азаматтарға тас жаудырып, қарудан оқ та атылған. Алдын ала берілген ақпарат бойынша екі адам оқтан жараланып, денесі мен басынан да әртүрлі жарақат алған. Сонымен қатар, интернет-басылымдарда осы алаңда болған азаматтарға қарудан оқ атылғаны туралы видео тарап жүр. Бішкектегі тәртіп сақшылары бұл фактіні тіркеп, Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 264-бабы (жаппай тәртіпсіздік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Айта кетерлігі, сағат кешкі 18.45 шамасында Ұлттық госпитальге бес азамат түскен. Олар: Т. Т. 1990 жылы туған; М. Н. 1991 жылы туған; К. С. 1980 жылы туған; Т.Ф. 1985 жылы туған; Т.А. 1997 жылы туған. Қазіргі уақытта осы оқиғалар бойынша тергеу және жедел-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.