Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды
Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды
148
оқылды

Константин Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық соты растады.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша Константин Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырды », - делінген ресми хабарламада.

Айыпталушы жазасын толық қауіпсіздіктегі қылмыстық-орындау мекемесінде өтейтіні хабарланады. «Қылмыстық кодекстің 51-бабы негізінде жазаның негізгі түрін өтегеннен кейін Константин Сыроежкин Қазақстан Республикасынан мәжбүрлі түрде шығарылып, бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне тыйым салынады», деп хабарлайды Сот.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

63 жастағы Сыроежкиннің тұтқындалуына қатысты алғашқы ақпараттар БАҚ-та мамыр айында жарияланды. Кейіннен баспасөзде ҰҚК сілтеме жасай отырып оның осы жылдың ақпанында мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен тұтқынға алынғаны айқындалды.