Қазақстанда Бораттың бейнесімен әжетхана қағазы шығарылды
Қазақстанда Бораттың бейнесімен әжетхана қағазы шығарылды

Arnapress.kz  хабарлауынша, ағылшын комедист Саша Барон Коэн – аттас фильмдегі Бораттың кейіпкерінің бейнесі бейнеленген дәретхана қағазы Қазақстанда пайда болды.

Идеяның авторлары – әзіл-сықақшылар Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзім Саидбаев. Жігіттер дәретхана қағазын шығара отырып, Коэнге үндеу жариялаған. [caption id="attachment_78992" align="alignnone" width="1024"]борат ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

«Саша Барон Коэн, сізге мыңда бір алғыс айтамыз. Сіздің арқаңызда біз байитын болдық. Сіздің аты-жөніңізді ғана емес, түріңізді де бейнелеп, әжетхана қағазын шығарамыз. Қазақстанды шынымен көргіңіз келсе, келіңіз! Біз сізді шақырамыз!» деп ағылын тілінде жазып қойған.

«Борат-2» фильмінің премьерасы 23 қыркүйекке жоспарланған. Интернетте трейлері де пайда болды. Бірақ ол қазақстандықтардыңарасында  наразылық тудырды. Олар тіпті фильмге қарсылық көрсетіп, петиция жазды. Бұл үндеуге 100 мыңнан астам адам қол қойыпты.

Әжетхана қағазын шығарушылар оның бір бумасын 50 теңгеден сатпақшы, ал қалғанын тегін таратып бермекші.