Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды
Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды
«Ювентус» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Португалия футбол федерациясы. К.Роналдудың COVID-19-ға тапсырған тестінің нәтижесі оның індетті жұқтырғанын көрскеткен. Мәлім етілгендей, ол Ұлттар лигасы аясында Швеция құрамасына қарсы ойынға қатыспайды. 35 жастағы футболшыда коронавирус симптомсыз етуде. Ол оқшауландырылған. Команданың өзге мүшелерінен коронавирус анықталмады.