«Жастар-Отанға!» бағдарламасы – жарқын бастама
«Жастар-Отанға!» бағдарламасы – жарқын бастама
252
оқылды
Жалпы, «Жастар-Отанға!» жобасы Елбасы – «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сыр­масы бойынша қолға алын­ды. Осы мақсатта атқарылатын жұмыстар легі 5 жыл қатарынан жүзеге асырылады. Жоба үздік отандық аналитиктер мен сая­сат­танушылардың қатысуы­мен, жастар мәселесіне қатыс­ты халықаралық ұйымдар және әлемдік үрдістер мен тәжіри­белерге сүйене отырып дайын­дал­ғанын айта кеткен жөн. Соны­мен қатар jasotan.kz сай­тында бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар мен нақ­ты көрсеткіштер көрсетілген 216 жол картасы жарияланды. Аталған жоба бес бағытты қамтиды. Яғни, бағдарламадағы бес негізгі бағыт бойынша түрлі жұмыс атқарылады. Сондай-ақ партияның Жастар қанаты 5 жыл ішінде жастар арасында­ғы жұмыссыздықты 3,7 па­йызға, NEET үлесін 6,8 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсембаев айтты. Ол сондай-ақ брифинг барысында «Жастар-Отанға!» бағдар­ламасының басым бағыттарына да жеке тоқталған болатын.
– «Жастар-Отанға!» – елі­міздің барлық жастарын қам­титын өте ауқымды бағдарлама. Бұл бағдарлама 5 бағыттан, яғни азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмысқа орна­ластыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу бағыттарынан тұрады. Осы бағдарламаны әзірлемес бұрын республика бойынша онлайн және оффлайн форма­тында 200-ге жуық кездесу өтіп, 4 мыңға жуық жастардан кеңес алған болатынбыз. Бағ­дар­ламаны әзірлеу бары­сында әлеуметтік сауалнама жүргізуге ден қойдық. Екін­шіден, ха­лық­аралық тәжірибелер зерт­телді. Онда Канада, Гер­мания сияқты дамыған елдердің тә­жірибелері қаралды. БҰҰ-ның жастар саясатын қолдау бағдар­ламасы мен еліміздегі 2030 жыл­ға дейінгі жастар страте­гиялық бағ­дарламасы негізгі бағыттың бірі болды, – деді «Jas Otan» Жастар қана­тының тө­рағасы.
Расымен де, мұның бәрі жаңа кезеңге қадам басқан Қа­зақстанның игілігі үшін жаса­лып жатқан игі бастама екені сөзсіз. Әрі бұл жұмыстар бо­йынша белсенді жастарды қо­ғамдық өмірге белсене ара­ластыруға ықпал ету маңызды мін­деттің бірі саналады. Қорыта айтқанда, келешекте «Жастар-Отанға!» бағдарла­масы жастар саясатын дамытуға бағытталған маңызды әрі құн­ды құжаттың біріне айналмақ.  

Әбілмансұр ЖАСАН