Аты аңызға айналған партизан-жазушы Қасым Қайсеновтың жұбайы қайтыс болды
Аты аңызға айналған партизан-жазушы Қасым Қайсеновтың жұбайы қайтыс болды
755
оқылды
Әйгілі партизан-жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың жұбайы қайтыс болды. «25 қаңтар күні 99 жастағы Асыл Қабышқызы Қайсенова қайтыс болды. Аты аңызға айналған партизан, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың әйелі. Біз Қайсеновтардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Иманды болсын», - деп хабарланған Facebook-тегі жазушы қауымдастығының бетінде. Қасым Қайсенов-Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері. 1918 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қайсенов А. Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, "Отан" орденімен, ІІ дәрежелі "Богдан Хмельницкий" орденімен, І және ІІ дәрежелі Отан соғысының екі орденімен, "Чехословакия партизаны ",  І дәрежелі "Отан соғысының партизаны" екі медалімен және Кеңес Одағының он бес басқа да медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте Құрмет грамотасымен, Украина КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, ІІ және ІІІ дәрежелі "Еңбегі үшін" ордендерімен марапатталған. Қасым Қайсенов 2006 жылы 30 желтоқсанда 89 жасында Алматыдағы өз үйінде ұзақ ауырып көз жұмды.