"Ақымақ болма!": Трамп Ердоғанға жазған хатында не деді?
"Ақымақ болма!": Трамп Ердоғанға жазған хатында не деді?
5,097
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға хат жазып, Сириядағы операцияны тоқтатуға шақырды. Хаттың нұсқасы The New York Times-та жарияланды.

Хатта Трамп Ердоғанға жақсы мәміле жасауды алға тартып, «Сіз мыңдаған адамның өліміне себепші болып, жауапкершілік алғыңыз келмейді ғой, ал мен түрік экономикасын құлдыратқым келмейді – онсыз да солай істеймін», - деген Трамп оның (Ердоғанның-ред) мәселесін шешуде талай рет жұмыс жасағанын атап өтті.

«Егер бәрін дұрыс әрі ізгі жасасаңыз, тарих сізге тілектес болады. Егер жақсы дүние болмаса, онда тарих шайтанға көз салғандай қарайды. Қатыгез жігіт болмаңыз. Ақымақ болмаңыз. Сізге кейін хабарласамын», - депті Трамп хатында.

Еске салсақ, өткен аптада Түркия Сирияда «Бейбітшілік қайнары» операциясын бастаған еді.