Айжан Есмағамбетова жаңа қызметке тағайындалды
Айжан Есмағамбетова жаңа қызметке тағайындалды
156
оқылды
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіненің мәліметінше, Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін гигиенист дәрігер, эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасында фельдшер-зертханашы болып бастаған. 1997-2004 жылдары Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2004-2014 жылдары ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында жетекші маманнан бастап төрайымға дейін түрлі лауазымдарды атқарған. 2014 жылы – ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары. 2014-2017 жылдары — ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы. 2017 жылы — ҚР ДСМ стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры. 2017-2020 жылдары — ҚР қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры. 2020 жылғы 23 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.