14 жасар қыз анасының ақшасын ұрлап, үйден қашып кеткен
14 жасар қыз анасының ақшасын ұрлап, үйден қашып кеткен
452
оқылды
Алматы облысында жасөспірім анасының ақшасын ұрлап, үйден қашып кеткен. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жалғыз өмір сүргісі келетінін айтып хат қалдырған. 11 қазанда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шелек ауылының 39 жастағы тұрғыны 14 жастағы қызының жоғалғанын айтып арызданған.

Іздестіру барысында  9 қазан күні анасының қызын оқығысы келмейтіні, үй жинамағаны және үлкен қызы ретінде көмектеспегені үшін ұрғанын анықталды. Анасына ренжіген жасөспірім 11 қазанда үйден кетіп бара жатып, анасының сөмкесінен жиһаз сатып алуға дайындап қойған 308 000 теңгесін алып кеткен. Жалғыз өмр сүргісі келетінен жайында хат жазып тастап кеткен. Үйден қашып кеткен жасөспірімнің телефоны жауап бермеген.

Келесі күні жедел уәкіл полиция капитаны Данияр Боланов қыздың Алтын Орда базарының жанынан екі аптаға пәтер жалдағанын анықтады. Ол пәтерден жасөспірімді таппаған. Іздестіруді жалғастырған ол Алматы қаласындағы бір саябақтан жасөспірімді тауып, одан жұмсалмаған 131 000 теңге көлеміндегі ақшаны тәркілеген. Полицейлер анасынан кешірім сұраған қызбен профилактикалық әңгіме жүргізді. Анасын ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр.