Brexit: Ұлыбритания мен Еуроодақ келісімге келді
Brexit: Ұлыбритания мен Еуроодақ келісімге келді
95
оқылды

Ұлыбритания мен Еуроодақ Brexit-ке қатысты келіссөздерде серпіліске қол жеткізді. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер мәлімдеді деп жазады Deutschwelle.com.

«Ерік бар жерде, мәміле бар, әрі біз оны алдық! Бұл Еуроодақ пен Біріккен Корольдік үшін әділ әрі теңбе-тең келісім әрі мәселені шешуге деген біздің бейілдігімізді де білдіреді»,- деді Жан-Клод Юнкер.

Келісімде төрт даулы тұсы қарастырылған. Brexit бойынша келіссөздерде ЕО делегациясының басшысы Мишель Барнье олар туралы айтып берді. Солтүстік Ирландия тауар өндіруде белгілі бір стандарттарды ұстануды жалғастыра береді. Ол сондай-ақ Еуроодақ және Біріккен Корольдіктің кедендік Одағымен серіктестікті де жалғастырады. Бұдан өзге нарықтың бұрмалануын болдырмау үшін Қосымша құн салығына қатысты келісімдерге де қол жеткізілді.

Мишель Барньердің айтуынша Лондон ЕО стандарттарын, соның ішінде қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік саладағы стандарттарды сақтауға берік кепілдіктер берді.

Еуроодақ саммиті Ұлыбританияның одақтан шығу датасын 1 қарашаға белгіледі.

Енді келісімді британ парламенті мақұлдауы керек. Парламенттің кезектен тыс отырысы сенбі, 19 қазанға жоспарланған.