Ресейде жоғары сынып оқушылары қашықтан оқиды
Ресейде жоғары сынып оқушылары қашықтан оқиды
142
оқылды
Ресейде қазанның он тоғызында оқушылардың күзгі демалысы аяқталады. Ал Мәскеу қаласының билігі  мектептерде тек бастауыш сыныптардың оқушылары оқиды деген шешім қабылдады. Қалғаны қашықтан оқитын болды.

Мұның екі себебі бар. Балаларда COVID дерті жеңіл өтеді әрі бастауыш сынып оқушыларын қашықтан оқыту қиын. Ал жасы келген мұғалімдерді қорғау үшін Мәскеуде тьюторство деп аталатын оқытудың жаңа әдісі қолданылады. Студенттер сабақ береді, ал ұстаздар қашықтан қадағалайды. Қазір күн сайын анықталатын науқастар саны көктемгі көрсеткіштерден екі мыңға асып кетті. Бірақ мамандардың айтуынша, аурудың асқынуы азайған.

"Өткен жарты жылда науқастарды емдеудің алгоритмдері қалыптасты. Қай уақытта не істеу керектігін нақты білеміз. Осы дертті емдеуге қатысты сегізінші нұсқау шығарылды. Таңертең қызыл аймаққа барып қайттым, сондықтан сеніммен айта аламын. Ауруы асқынған науқастардың саны азайды, ал емдеу алгоритмдері жетілдірілді" дейді Еуразиялық терапевтер қауымдастығының бас хатшысы Александр Арутюнов. Үкімет карантин шараларын қатайтуға асықпай тұрғанының себебі де осы болуы мүмкін. Балабақшалар әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. Ал спорт, балалар үйірмелері қарашаның біріне дейін жабық болады.