Бұқараның басына қонған бақ
Бұқараның басына қонған бақ
172
оқылды
Аталған жобаның 5 бағыты бойын­ша жалпы 8 471 миллион  теңге несие қаражаты игерілсе, оның «Тараз» ӘКК» АҚ-ы арқылы 7 200 миллион  тең­геге 2,5 пайызбен  2 489 өтінім қар­жыландырылған.  «Тараз» МҚҰ» ЖШС-і ар­қылы ауыл шаруашылығы коопера­тивтерінің айналым қаржылары мен ауыл шаруашылығы техникаларына 1 271 миллион  теңге несие қаражаты 5 пайызбен берілген. Осылайша, Жамбыл облысындағы  10 ауданнан 11 пилоттық ауылдық округтен  8 564 аула,  2 478 тұрғын  мен 11 кооператив несиелендірілді. – Бірінші бағыт  үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бойынша 125,9 миллион  теңге 11 АШК-і толық қаржыландырылса,  16 жылыжай құрылысына  138,1 миллион  теңге берілді.  Екінші бағыт  аулада мал мен құс шаруашылығын дамыту бо­йынша болса,  6 905 миллион  теңгеге  44 850 бас мал сатып алынды.  Үшінші бағыт тұрғындардың ауыл сыртындағы жерлерін тиімді пайдалануға келсек,  230,1 миллион  теңгеге 10 325 гектар  ауыл сыртындағы егістік жер игерілуде. Төртін­ші бағыттағы жұмыстар да тетігін тауып,  ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қажетті құрал-жабдық, қондырғы және техникалар лизинг жүйесімен сатып алуға 1 006,4 миллион  теңге бөлініп,  191 дана техника алынды. Бесінші бағыт ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашуда 12 жоба мақұлданып,  64,7 миллион теңге мақсатты жұмсалды, – дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы кооперациясы және өңір­лердің дамыту бөлімінің басшысы Дулат Оспанов. Жалпы, іске асырылып отырған 5 ба­ғыт бойынша бүгінгі таңда  үй іргесінен 5 182 тонна көкөніс өндірілсе,  оның 1 912,2 тоннасы – қызанақ, 1 024,9 тоннасы – қияр, 41,7 тоннасы – сарым­сақ, 1 858 тон­насы – картоп,180 тонна­сы – пияз, 129 тоннасы – жүгері, 89,5 тоннасы  – қырыққабат, 105  тонна­сы – сәбіз, 224 тоннасы  – қауын, 134,4 тоннасы – қарбыз, 92 тоннасы – асқабақ және 493 тоннасы  – жоңышқа. 16 жылыжайдан болса шаруалар  16,3 тонна көлемінде өнім алса,  мал шаруашылығынан 2 808,9 тонна ет пен сүт өндірілген. Ауыл сыртындағы жерлерді игеруден  17 988 тонна дәнді дақылдар жиналса,  оның 5 995 тоннасы – арпа, 1253 тоннасы – бидай, 10460 тоннасы – көпжылдық шөп және 280 тоннасы –  жүгері. Жеке кәсіпкерлік  бағытында  ашылған ша­ғын цехтар 16,3 тонна өніммен өңір қорын толтырды. Орта есеппен  аталған пилоттық округтер  11,5 миллиард  теңге­нің өнімін шығарып отыр. Бұл сөз жоқ,  жанға жылу беретін ақпар. Оны өткен жылмен салыстырғандағы экономикалық көрсеткіш айқындап тұр. Мәселен, бірінші бағыт бойынша барлық пилоттық ауылдық округтегі  5 353 аула мен  603 гектар  жер  қамтылса, биыл  7 856 ауланың  932 гектар  үй іргесіндегі жері кәдеге жараған.  Яғни, аула саны 147 пайызға, 329 гектар  жер 155 пайызға ұлғайған. jilijai 2019 жылы пилоттық округ тұрғын­дарының мал саны   164 918 бас болса, ағымдағы жылы төрт түлік  204 486 басқа дейін көбейді.  Бұл өрістеріміз  39 568 бас малға толыққанын көрсетеді. Үшінші бағыт бойынша өткен жылы  жобаға қатысқан тұрғындар  7 814 гектар  ауыл сыртындағы жерді игерсе, биыл жоспарға сәйкес 10 325 гектар жерге егін егіліп, егістік көлемі  2 544 гектарға артты. Төртінші бағыт бойынша  191 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Тағы бір айта кетерлігі, жоба жандан­ған жылдан бері жұмыссыздар  саны 48 пайызға азайып, 589 бірлік жаңа жұ­мыс орындары ашылған. Одан бөлек, ар­наулы әлеуметтік көмек алатындар 32 пайызға кеміп, нәтижесіз өзін-өзі жұ­мыспен қамтығандардың саны  35 па­йызға  төмендеген. Әрине, бұл жобаның толық әлеуеті мен жемісі  емес. Алдағы уақытта 2 478 отбасын тұрақты қосымша табыспен қамтамасыз етіп,  2021 жылы ең төменгі айлық табысты – 104 мың, 2022 жылы – 156 мың, ал 2023 жылы 200 мың теңгеге жеткізу көзделуде.  Сондай-ақ 2 022 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 4,3 миллиард  теңгеден 9,3 миллиард  теңгеге дейін ұлғаяды деп күтілуде.  Өн­дірілген өнімді өткеру бойынша якорлық 13 қайта өңдеу кәсіпорнының  жүктемесі 20-25 пайызға артатын болады. Міне, 11 ауылдық округ тұрғындары жоба игілігін көріп, өз тірліктерін дөңгелетуде. Сондай елді мекеннің бірі – Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округі. Жалпы, округ бойынша 819 039 мың теңгеге 256 несие берілсе,    754 737 мың теңгеге  4 443 мал басы сатып алынған. 54 000 мың теңгеге 5 жылыжай салынып, 10 000 мың теңге шұжық цехы ашылған.  Сонымен қатар  жаңадан құрылған «Қостөбе 2019» кооперативіне 20 072 мың теңге айналым қаражаты есебінде және 47 560 мың теңгеге 12 дана ауыл шаруашылығы техникалары лизингке алынып отыр. Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бойынша  игерілген жер көлемі 8,2 гектарға ұлғайса, мал басы 31 пайызға көбейген. 2019 жылы пилоттық ауылда 264 азамат жұмыссыз ретінде тіркелсе, биыл 222 адам екі қолға бір күрек тауып отыр. Сонымен қатар  үй іргесіндегі жерлерден жеміс-көкөніс және  мал өнімдерін өткеру есебінен биылғы жылы 1 отбасына шаққанда орташа кіріс мөлшері 255 000 теңгені құраған. Байқап тұрсаңыздар, пилоттық жоба жанданған 1 жылдың ішінде өн­діріс көлемі еселеп өсіп қана қоймай, жұ­мыс­сыздар саны азайып, әлеуметтік кө­мек алушылардың қатары кемуде. Бұл тұр­ғындардың тұрмысы түзеле бастағанын айғақтап тұрғаны анық. Енді жобаның ке­лесі кезеңдері әлеуметтің әлеуетін тағы арттырып, бұқараның басына бақ қон­дырады деп сенеміз.  

Саятхан САТЫЛҒАН,  Жамбыл облысы