Бюджеттің қаржысына бақылау күшейеді
Бюджеттің қаржысына бақылау күшейеді
366
оқылды
Ол жерде 4 шешім электронды форматта атқарылады. Әрі қарай заң күшіне енгесін барлық шешімдер электронды форматта жүзеге асырылады. Бұл бастамалар келе­шекте цифрландыруға  алып  келмек. Со­ның  арқасында  жемқорлық жойылып, қылмыстық процестің ашықтығы қамтамасыз етілетін болады деген болжам  жасалып  отыр. Осы уақытқа дейін облыс аумағындағы қылмыстық қудалау органдарымен элек­тронды форматта 1 963 қылмыстық  іс тіркелген. Бұл жалпы 3 336 құқық­бұзу­шылықтың 59%-ын құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы елімізде 1-орында екен. Онымен қоса, 274 күдіктіні «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау ша­ралары сотпен электронды түрде санк­цияланған. Бүгінде күдіктіге бұлтартпау шарасын қолдану, тінту және басқа да тергеу амалдарын жүргізу толық электронды түрде санкцияланады. Бір қызығы, бұл шаралар қағаз түрінде 3-4 күннен астам уақыт алатын болса, қазіргі таңда 2-3 сағаттың ішінде сол санкцияны толық алуға  мүмкіндік  бар. Сонымен қатар қиын-қыстау кезеңде артық пайда табамын деп ардан аттағандардың үстінен тексеріс жүргізіліп, ел қазынасынан артық шыққан қаражат кері қайтарылуда. Сатып алуларды өткізу қатаң бақылауда болып, күнделікті  мониторинг жүргізіліп, облыстық прокуратура органдарымен жалпы сомасы 11,2 млрд теңгеге 70 конкурстың күшін жою бойынша шаралар қабылданды. Оған қоса, елімізде салықтағы былықтар да азаяр емес. Осы бағытта жаңа өзгерістер жасалып, оның оң шешімі анықталып жатқан көрінеді. Оң өзгерістің басы Қызыл­орда облысы прокурорының өкімімен ведом­ствоаралық жұмыс тобы құрылғанынан бас­талған. Ол  көлеңкелі экономикаға қарсы жұ­мыс істеп, қазіргі уақытта аталған топ ірі компаниялардың салық міндеттемелерін орындауына талдау жүргізуде. Осыған бай­ланысты облыс прокуратурасының та­лабы бойынша Мемлекеттік кірістер де­партаменті 10 тұлғаға салықтық тексеру жүргізіп, 352 миллион теңгеге қосымша са­лық есептеп, оның 200 млн теңгесі бюджетке түсіп үлгерген. «Бармақ басты, көз қыстының» кебін киіп, артық ақшаға қарық боламыз дегендерді дер кезінде тұсап, бюджетке 1,4 млрд теңге өндірілді. Одан бөлек, жұмысқа жалған орналастырудың 495 дерегі, мердігерлерде бұған дейін жұмыс істеген адамдарды қайта қабылдаудың – 37, шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланудың – 19, объект жұмыстарының аяқталуына қарай жұмыс орындарын ашудың 91 дерегі анықталды. Мұндай фактілер облыстың барлық аумағында болып жатыр. Ал қазіргі таңда кей кәсіпкерлер өз қал­тасын ел мүддесінен жоғары қойып, заманымыздың тозғандығына дәлел болып отыр. Олай дейтініміз – жер қойнауын пайдаланушы «Саутс Ойл» ЖШС 2018 жылдың  6 айында рұқсатсыз ауаға 700 тоннадан астам ілеспе газ шығарған. Жалпы, қоршаған ортаға 131 млн теңге көлемінде залал келтірген. Қазіргі уақытта ол сома толығымен өтелді. Одан бөлек, жұмысшылардың жалақысын бермеген басшылар да жауапқа тартылды. «Про­курорлық қадағалау актілерімен 2 262 қызметкер алдындағы 123 млн теңге жалақы қарызы өтелді. Білім ордаларында да түрлі заңбұзушылық кездескен. Мәселен, Қармақшы ауданының 10 мектебінде асханалардың коммуналдық шығындарын жеке тұлғалардың жалға алуына қарамастан мемлекет өтеп келген. Қазіргі таңда олардан 38 млн теңге өндірілген. Бүкіл әлемді жалмаған дерт кезінде карантин бұзушылар да көп кездескен. Мобильді топтармен жүргізілген рейдтік шаралар нәтижесінде  карантин талаптарын сақтамаған  499 тұлға әкімшілік жауапқа тартылған. Осыған ұқсас заңбұзушылық фактілер өте көп», – дейді Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат  Айтбайұлы. Төтенше жағдайға байланысты бюд­жеттегі қаржыға бақылау күшейіп, бұл жұмыстар әрі қарай жалғастырылуда. Осы уақытқа дейін  ел   қазынасына 1,5 мил­лиардтай теңге кері қайтарылған. Ал­дағы уақытта бақылау күшейіп, жылдам қимылдасақ, қажетсіз шығындардан арылып, әлемдік дағдарыстың  алдын  аламыз.   Миуа       Миуа БАЙНАЗАРОВА, Қызылорда облысы