Қызылордада жасөспірімді ауылдастары зорлап, көлшіктің жағасына тастап кеткен
Қызылордада жасөспірімді ауылдастары зорлап, көлшіктің жағасына тастап кеткен
130
оқылды
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында он үш жастағы қызды сол ауылдың ересек екі жігіті зорлаған. Бұл туралы жәбірленушінің анасы мәлімдеді.Оқиға осыдан 5 ай бұрын болған.

Анасының сөзінше, 22 және 25 жастағы ауыл тұрғындары 9-шы мамыр күні кешкісін оқушы қызды алдап, бірінің үйіне апарған. Азғындық әрекеттерін жүзеге асырған соң, таңға жақын ауыл шетіндегі көлшіктің жағасына апарып тастаған.

Сол күні жәбірленуші тарап арызданғанын айтты. Бірақ іс “сағызша созылып” келеді деп отыр. Ал жасөспірімге қиянат жасағандар бостандықта жүр деп ашынып отыр анасы.