Қазақстан азаматтары коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдырып жатыр
Қазақстан азаматтары коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдырып жатыр
125
оқылды
Қазақстан азаматтары өз еріктерімен отандық ғалымдар әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырып жатыр. Саясаттанушы Мақсат Жақау да вакцинациядан өткен. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Бүгін адамзаттың қасжауына айналған Ковид-19-ға қарсы отандық вакцинаны арнайы медициналық тексерулерден іріктеліп, өз еркіммен салдырдым. Қатысушылар көп, бірақ түрлі денсаулықтарына қарай көбісі өтпеді. 18-бен 50 жас аралығындағы кандидаттар тізімімен вакцинацияның екінші этабында тәжірибелі тобына ендім. Вакцинаның жасалуында медицина ғылымының есімдері әлемге танылған профессорлар айналысты. Бұл ғылымымыздың жоғарғы көрсеткішін танытады. Бұйырса вакцинаның оң нәтижелеріне қарай еліміздің ғана емес, әлемдік деңгейде адамзаттың игілігіне қолданатын ем-домның шығуына сенуіміз керек. Бастысы вирус болса оның антивирусы да болуы керек, отандық ғылым сол жолда ізденіс үстінде», – деп жазды ол. Осыған дейін  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те коронавирус індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаны салдырғанын айтқан еді.