19 қазан – Құтқарушылар күні
19 қазан – Құтқарушылар күні
494
оқылды
Бұл атаулы күннің бекітілуі елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік комитеттің құрылуымен байланысты. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1995 жылғы 19 қазанда төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органды құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жоюдың тиімді жүйесін құру ісіндегі шешуші сәт болды. 25 жылдан бері еліміздің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері халықтың қауіпсіздігін сақтауға үлес қосып жүр. Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде бұрынғы комитет негізінде Төтенше жағдайлар министрлігі құрыды.