Түркістан жасыл желекке айналады
Түркістан жасыл желекке айналады
177
оқылды
Алдағы жылы Түркістан қаласында облыста және елімізде жоқ, өзге мемле­кет­терде өсетін өсімдік­тер­ді жерсіндіру бойынша тәжірибе жасау жоспар­ла­нып отыр. Бұл тәлім­бақ­та жа­салатын тәжірибе өз ке­зегінде кейбір қылқан­жа­пырақты тұқымдас түр­ле­рін Түркістан қаласының ай­наласындағы «Жасыл бел­­деуде» өсіру үшін бе­йім­деу мақсатында жүзе­ге асады.  

Түркістан қаласын жел эро­зиясынан сақтау, көгалдандыру мақсатында Түркістан қала­сының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптасып келеді.

Жоспар бойынша «Жасыл белдеу» аймағында 2019-2021 жыл­дар аралығында көшеттер отырғызылып, орман алқабын көбейту арқылы жасыл аймақ қалыптастыру жоспарланған.

Осы орайда, 2019 жылдың көк­темінде 160 мың көшет отыр­ғы­зыл­са, күзгі мезгілде 2 000 гек­­тар жерге 478 мың көшет және 300 гектар тәлімбақта 400 мыңға жуық сеппе көшет отыр­ғызу жоспарда бар.

Жасыл белдеудің жалпы аума­ғы 7 700 гектар жерді құрай­ды. Соның ішінде 7 500 гектар жерге 3,5 млн екпе ағаш пен 500 мыңға жуық бұталар егілмек.

Атап айтқанда, ұсақжа­пы­рақты шегіршін, үлкенжапырақ­ты шегіршін, қарағай, жіңішке­жа­пы­рақты жиде, терек, үйеңкі, қытай шағаны, сүйелді қайың, емен, сарғылт қарақат және т.б. егіледі.

«Жасыл белдеу» аймағына кіретін жерлердің орманға жа­рам­сыздығын ескере отырып, алдағы уақытта 7 700 гектар жер­де жо­ба­лау-іздестіру жұмыс­та­рының төрт кезеңі жүзеге асы­рылмақ.

2020 жылдан бастап ғылыми зертханаларды тарта отырып, об­лыс әкімдігі тарапынан «Жа­сыл белдеудегі» тәлімбақта Түр­кістан қа­ласының климатына тез бейім­делетін екпе көшет және көпжыл­дық гүлдейтін шөптерді сұрыптау бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

Түркістан облысы