Айнұр Тұрсынбаева әр ай сайын балаларға 30 мың теңгеден шәкіртақы беретінін айтты
Айнұр Тұрсынбаева әр ай сайын балаларға 30 мың теңгеден шәкіртақы беретінін айтты
331
оқылды

Айнұр Тұрсынбаева қайырымдылық жасағысы келетіні жайлы Instagram-дағы жеке парақшасында жазды.

«Басты жаңалығым – жарым Нұржан Иманалиев екеуміз ақылдаса келе Алла разылығы үшін бір жария садақа жасайық деп шештік. Яғни тұл жетім 10 балаға ай сайын 30 мың теңгеден стипендия беріп тұратын болдық. Тек жақсы оқитын балалар болуы шарт», – деп жазды.

Айта кетейік, біз бұған дейін ақын Қазақстан халқы жинап берген қаражатқа Түркиядан жасанды тыныс алдыру аппаратын жібергенін жазған болатынбыз.