Бельгияға сән берген Абай
Бельгияға сән берген Абай
82
оқылды

Антверпен – Бельгиядағы ірі қалалардың бірі. Әлемде бриллиант саудасын жүргізетін үш орталық бар: Тель-Авив, Антверпен және Йоханнесбург.

Антверпенді өнер қаласы деп атауға да болады. Мұнда мұражайлар, галереялар, антиквариат дилерлері, көркемөнер шеберханалары өте көп. Рубенс, Антуан Ван Дейк, Адриан Брауэр, Квентин Матсес және Питер Брюгельдің дүниеге келген жері. Әрі Антверпен – әлемдегі ең ірі гауһар тастар қаласы. Әлемнің жетекші қаржы орталықтарының бірі болған кезде пайда болған әдемі тарихи орталық бар. 

Қазіргі Антверпен фламандтық және шетелдік суретшілер, жазушылар, зиялылар мен актерлер келетін сән индустриясы мен дизайнының орталығы ретінде де белгілі. Мұны қаладағы сәнді бар мен дүкендердің көптігінен байқауға болады.

Антверпеннің орталық көшелерінің бірінде Абай дүкені орналасқан. Абай дүкенін ашқан – ағайынды еврей жігіттер. Жігіттердің есімдері де хакімнің есімімен тығыз байланысты. Бірінің есімі – Авраахам болса, екіншісін де осыған ұқсаттырып қойған. Авраахамды Абай деп еркелеткен. Түбі – Бұхарадан.

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дегеніндей, алыстағы Антверпенде Абай аты қайдан жүр деген сауал оқырманды қызықтыруы мүмкін. Оған ұлы ақынның тағылымын терең меңгерген әкелері сеп болса керек.

 Данагөй әке балаларын да Абай ілімін білуге үйретіпті. Ағайынды екі жігіт те ұлы хакімнің шығармаларын біліп өскенге ұқсайды. Азамат болып ержеткен жігіттер бүгінде Белгьгияның ірі сауда орталығында кәсібін дөңгелентіп отыр. Абай дүкені әлемдегі ең ірі гауһар тастар мекенінің шырайын келтіріп, сән беріп тұр.

Бөрте ҚОҢЫРАТ