Павел Казанцев, Мәжіліс депутаты: «Қос билік – қысыр әңгіме»
Павел Казанцев, Мәжіліс депутаты: «Қос билік – қысыр әңгіме»
232
оқылды

–Қос билік туралы сөздер шындыққа жанаспайды. Елде ешқандай қос билік орнамайтынын Елбасы биылғы наурыз айында-ақ нақты мәлімдеп, жақсы дәйектеді.

Сондай-ақ Н.Назарбаев таяудағы сұхбатында да осы сұрақты қойып жүргендерге ұғынықты түрде айтты. Бізде Конституция бойынша барлық принципті шешімдерді іс басындағы Президент қабылдайды. Бұл 2 жыл бұрын қабылданған конституциялық реформа. Екі жыл бойы бұл туралы ешкім де жақ ашқан жоқ. Алайда қазір ол мәселені әлдекімдер қопсытып жүр.

Бүгінде де ешқандай сұрақ болмауы керек. Өйткені ары қарай да мемлекеттік маңызды мәселелер бойынша ақырғы шешімді Президент қабылдайды.

Қауіпсіздік кеңесі туралы заң Парламентте былтыр қызу талқыланды. ҚК өкілеттіктері кеңейтілді, қосымша құзырға ие болды. Сонда адамдарда сұрақ туды. Бірақ бұл заңда қос билікке соқтырар ешқандай бап қарастырылмаған. Яғни, заң жүзінде де қос билікке орын жоқ.

Бұл түтіннің қайдан бықсып жатқанын білемін. Оларды мен «бәріқұрыдылар» (всепропальщики) деп атаймын. Олар «барлығы жаман» деп сөйлеуді жақсы көреді. «Дивандағы саясатшысымақтар», блогерлер арасындағы «хайпожорлар» олар. Олар үшін тақырыптың не туралы екені маңызды емес, әйтеуір лайк жинап берсе болды.

Қос билік дегеніміз не? Бұл екі субъект бір объектіні өзара бөліске салуға таласады деген сөз. Соның кесірінен объект сыртында және ішінде кернеу туады. Ол нысандағылар әбден дағдарады. Халық ондай қысым көріп отырған жоқ.