Шығыс Қазақстанда рұқсат етілмеген қоқыс орындарының 87% жойылды
Шығыс Қазақстанда рұқсат етілмеген қоқыс орындарының 87% жойылды
158
оқылды
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов Шығыс Қазақстан облысындағы стихиялы қоқыс орындарын жою туралы айтып берді. Биыл «Қазақстан ғарыш сапары» акционерлік қоғамы жүргізген ғарыштық мониторинг кезінде ШҚО-да 569 стихиялық қоқыс орны анықталған.
"Біздің басқарма экология департаментімен бірлесіп, қоқыс тастайтын жерлерді жою кестесін әзірлеп, бекітті. Қала және аудан әкімдіктерінің көмегінің арқасында бүгінгі күні 497 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды", - деп атап өтті Нұрлан Рамазанов.
Оның сөзіне сенсек, бұдан басқа Өскемен және Семей қалаларында заманауи қоқыс өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылып жатыр. Рұқсат етілмеген қоқыс орнын жою жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі.