Жол апаты Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Постышев көшесінде болған. Кадрдан көрініп тұрғандай, отбасымен бірге тротуарда тұрған бала бір сәтте Subaru көлігіне қарай шығып кеткен.
[caption id="attachment_82529" align="aligncenter" width="800"] Фото: Интернеттен алынды[/caption]
Жүргізуші көлікті тоқтатып үлгермеді. Қазір бала балалар травматологиясында, дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.
Полиция оқиғаның видеосын зерттеп жатыр.
Алматы ПД ЖКО фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 – бабы – "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.