Солтүстік Қазақстан облысында қаңырап қалған мектеп ғимараттары аукционға қойылып жатыр. Бәссауда шарты бойынша ең төмен баға - 1 теңге, - деп хабарлайды Хабар 24.
Жамбыл ауданындағы Үлгі ауылында мектеп ғимараты үшін бастапқы баға 3,7 миллон теңге сомасында белгіленген. Бұл мектепке біраздан бері ешкім сабаққа барып жүрген жоқ. 2020 жылы осы ауылдың тұрғыны ретінде 18 адам болған. 10 жыл бұрын осында 235 адам өмір сүрген еді. Бұл мектепті саудаға шығару аукционы 10 қарашаға белгіленді. 1972 жылы салынған ғимарттың ауданы 471 шаршы метр шамасында. Бәссауда төмендету тәсілімен жүргізілгендіктен, ең төмен баға ретінде 1 теңге қойылды.
Осыған ұқсас жағдай Жамбыл облысындағы Рождественка ауылында бар. Бұл жерде 1264 шаршы метрлік екі қабатты мектеп сатылып жатыр. Мектеп құнын бағалау кезінде 9,4 миллон теңге белгіленді, ал ең төменгі баға - 1 теңге. Осы ауылда қазір 13 адам тұрып жатыр. 20 жыл бұрын елді мекен тұрғыны ретінде 372 адам тіркелген еді.
Бұдан бөлек тізім бойынша 1980 жылы салынған Ақбалық ауылындағы екі қабатты мектеп қойылған. 562 шаршы метр аумақты қамтыған ғимараттың бастапқы құны 1,7 миллон теңге. Сауда жүргізу күні 10 қарашада болады. Бұл ауылда 20 жыл бұрын 260 адам тұрған.
Есіл ауданындағы Новоузенка ауылында 3 327 шаршы метрлік үш қабытты мектеп те саудаға шығарылады. Бағалау құны 27,2 миллон теңгені көрсетіп тұр. 1983 жылы мектеп салынған кезде ауыл тұрғындарының саны 950 адам болған. Қазіргі кезде елді мекенде 30 адам қалған. Ауыз су тапшылығынан тұрғындар суды көрші ауылдардан тасымалдап жүр.
ҚР Статистика комитетінің мәліметінше, соңғы 10 жылда СҚО-дағы мектептер саны 127-ге қысқарды. Ал бастауыш және орта мектепте оқитындар 8 мыңға азайды. 20 жылда өңірде 302 мектеп жабылды (478-і қалды).