Нұр-Сұлтандағы Джокович пен Надаль тартысы
Нұр-Сұлтандағы Джокович пен Надаль тартысы
5,083
оқылды

Елордада Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында қайырымдылық теннис матчы өтті. Сайысқа арнайы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келіп қатысты.

Ойын алдында Елбасы әлемдік теннистің майталмандары Новак Джокович және Рафаэль Надальмен кездесті.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев ойынның жарқын және тартысты өтуіне тілектестік білдірді.

– Қазақстандықтар планетаның үздік теннисшілерін көргендеріне өте қуанышты. Мен сіздердің ойындарыңызды үнемі қараймын. Сіздер спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.