Бұдан былай құрылысы аяқталмаған үйді де ипотекаға алуға болады
Бұдан былай құрылысы аяқталмаған үйді де ипотекаға алуға болады
136
оқылды

«Баспана хит» ипотекалық несиелеу бағдарламасына өзгеріс енгізілді.

Бұдан былай бағдарламаға үлестік құрылыс та кіретін болды. Сондықтан салынып жатқан тұрғын үйді ипотека арқылы сатып алуға рұқсат етіледі. Қазақстан Ұлттық банкі «Тұрғын үй нарығында ұзақ мерзімді кредиттеуді ынталандыру тәсілдері» қаулысына өзгерістер енгізді.

Мақсат – ипотека арқылы халықты баспанамен қамту. «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ операторы «Баспана хит» бағдарламасы арқылы іске асырады.

Ескерер жайт, бастапқы жарна – 20%-дан басталады. Қарыз мерзімі –15 жыл.

Әлі де құрылысы аяқталмаған, салынып жатқан тұрғын үйге несие берудің қай уақытта басталатыны тағы да қосымша хабарланады.