Әкімнің баласы мейрамханада ұлан-асыр той өткізді - видео
Әкімнің баласы мейрамханада ұлан-асыр той өткізді - видео
157
оқылды

Бұл туралы «Мой город» басылымы жазды.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы ұлан-асыр той өткізіп жатқаны туралы видеоны куәгерлер «Мой городтың» редакциясына жолдаған. Дереккөз оқиғаның анық-қанығын нақтылап жатқанын хабарлады.   https://youtu.be/pZDmqcg1MJw Осы оқиғаға байланысты Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Елдос Үмітов Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісовтің ұлының тойы туралы бүгін естігенін айтады.

«Бұл бір ыңғайсыз жағдай болды. Қазіргі уақытта Тәтжан Өтемісов кезекті еңбек демалысында жүр. Әкім еңбек демалысынан оралған соң, заң шеңберінде тәртібін қараймыз. Жалпы, барлық аудан әкімдеріне карантин тәртібінің сақталуы туралы хабарланған. Барлық шаралардың сақталуын қамтамасыз ету үшін осы бағытта жұмыс істейтін арнайы бақылау топтары бар. Ақжол ауылдық округі әкімін сайлау 30 қазанға жоспарланғанымен, үміткерлер арасында қазіргі әкім Тәтжан Өтемісов жоқ», – дейді Елдос Үмітов.