ПТР тест анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салынады
ПТР тест анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салынады
204
оқылды

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. Жиында Үкімет басшысы шектеу шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі мониторинг топтарының жұмыс тиімділігінің төмендігін сынға алды.

Жиында Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әуе компанияларына ПТР тест нәтижесі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салуды тапсырды.

Сонымен қатар, рентген аппараттарын, жылжымалы медициналық кешендерді жеткізуді жеделдету мәселесін де талқылады.