Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында құқық қорғау органдарын киікті заңсыз қырғандарды жазаға тарту тиіс екенін айтты.
«Браконьерлер табиғат байлығы — киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген браконьерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек» деп жазды.
Ұйымдасқан топ 1 тонна 118 кг (3 мыңнан астам жануар) киік мүйізін шекара асырмақ болған.