Туың биік, мәртебең жоғары болсын Қазақстан!
Туың биік, мәртебең жоғары болсын Қазақстан!
398
оқылды
«Бабамның қаны, анамның жасы, Сіңген бұл далам, қымбатсың маған» - деп жырға қосылған атамекеніміз, отанымыздың егемен ел атанғанына биыл 29 жыл. Үш ғасырға жуық уақыт егемендікті аңсаған еліміз 1991 жылы КСРО тарағанда дербес мемлекет болып танылды. Шекарасын бекітіп, билік, заңын, мемлекеттік нышандарын қалыптастырды. Мемлекет деген мәртебеге лайық саяси, экономикалық, әлеуметтік салаларын дамытуға жол бастап, аяққа нық тұру қажеттілігі басты орынға шықты. Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттің өз заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы мақсатта Ата заң жасалып, оған қоса қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана бастады. Қабылданған заңдарды жүзеге асырушы, бақылаушы органдар жұмысы бір жүйеге келтірілді. Техника мен өркениеттің дамыған заманына тұспа-тұс келген біздің егемендігіміз көп қиындықтарды бастан кешті, жұмыс орындары, қалалар қайта тұрғызылды. Бір сөзбен айтқанда талай-талай белестерді бастан кешті.  Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан – ата-бабаның орындалған асқақ арманы, сарғайып күткен сағынышы. Қазірде елімізге бейбітшілік орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді. Артқа тастаған жиырма тоғыз жылдың ішінде бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдай жақсарып, әлеуметтің әл-ауқаты артты. Қазақ тіліне сұраныс жоғарылап, қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Тіршіліктің барлық саласына мән берілді. Білім, денсаулық, өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Туымыз көкке желбіреп, ынтымағымыз арта берсін!

Жазира Ақбергенова, журналист