«Астана» мен «Қайратқа» керек болмай қалған шабуылшы Ресей чемпионатында бомбардир атанды (видео)
«Астана» мен «Қайратқа» керек болмай қалған шабуылшы Ресей чемпионатында бомбардир атанды (видео)
197
оқылды

Футболшы «Қайрат» сапында жүріп 9 ойында 8 гол соққан

«Астана» мен алматылық «Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Джордже Деспотович «Оренбург» сапындағы алтыншы голын «Краснодар» қақпасына соқты. 

РПЛ-дың 14 турында алаңға шыққан серб шабуылшысы 32 минутта есеп ашып, командасын алға шығарған. Алайда 44 минутта Мануэл Фернандеш таразы басын теңестіріп кетті. 

Қазір Деспотовичтің командасы 15 ұпаймен 12-орында келе жатыр. Ал шабуылшының өзі алты голдың арқасында бомбардирлердің үздік төрттігі қатарына кірді. 27 жастағы ойыншы «Оренбург» қатарында 2018 жылдың тамыз айынан бері ойнап келеді. 

Оған дейін шабуылшы қазақстандық «Жетісу», «Қайрат», «Астана», «Тобыл» командаларында ойнаған еді. Елордалық клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған. 

Футболшы «Қайрат» сапында жүріп 9 ойында 8 гол соқса, «Астана» жейдесімен 53 матчта алаңға шығып, 14 рет мергендік танытты. Соған қарамастан қос клуб та Джорджені командада сақтап қалуға құлық танытқан жоқ.

https://youtu.be/dR4-Vn7zXiY