Зейнеткердің 18 миллион теңгесін ұрлап кеткен күдікті ұсталды
Зейнеткердің 18 миллион теңгесін ұрлап кеткен күдікті ұсталды
117
оқылды

Риддер қаласының полиция бөліміне 65 жастағы қария арызданды.

Зейнеткер үйіне ұры түсіп, шкафта тұрған ақшасын ұрлап кеткеніне арызданған. Жедел іздестіру нәтижесінде, ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

«Анықталғандай, үй ішінде ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізген ұры терезе арқылы кірген. Жатын бөлмедегі шкафтан шетел валютасындағы 18 млн теңгеден астам ақша салынған пакетті алып, оқиға орнына ізін суытады. Риддер қаласының 41 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап отыр», – деді департамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Ұрланған ақша табылды. Тергеу басталды.