Экс-президент жемқорлығы үшін 17 жылға сотталды
Экс-президент жемқорлығы үшін 17 жылға сотталды
132
оқылды
Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты елдің бұрынғы президенті Ли Мен Бакты ақша жымқыру және парақорлығы үшін 17 жылға бас бостандығынан айырған төменгі соттың шешімін растап қолдады, - деп жазады РИА Новости.  Корея Республикасының Президенті 2008-2013 жылдары сыбайлас жемқорлық, мемлекет қаражатын талан-таражға салу және автокөлік бөлшектерін шығаратын DAS компаниясының ақшасын жымқыру бойынша айыпталды. Бұл компания директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сан Ын президенттің ағасы болған. 2020 жылдың ақпанында апелляциялық сот бұрынғы мемлекет басшысын 17 жылға бас бостандығынан айырып, 13 миллиард вон (11 миллион доллар) айыппұл төлеуге және 5,7 миллиард вон (5 миллион доллар) төлемін төлеуге үкім шығарды. Ақпан айынан бастап үйқамақта отырған Ли Мен Бак жоғарғы соттың шешімімен енді түрмеге жабылады.