Форт-Шевченкода абаттандыру жұмыстары қарқынды
Форт-Шевченкода абаттандыру жұмыстары қарқынды
165
оқылды

«Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық фи­лиалының пар­тия­лық бақылау комиссиясы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы бойын­ша теңіз жағалауын абаттандыру жұмыстарына мониторинг жүр­гізді. Бағдарлама аясында жергілікті 45 жұмыссыз азамат жұ­мыспен қамтылды.

Аудан әкімінің айтуынша, тұрғын­дар­дың қолайлы өмір сүруін қам­тама­сыз ету мақсатында теңіз жағалауға жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері, бесед­калар, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элемент­тері қойылуда. Сондай-ақ, партияның аудан­дық филиал төрағасы А.Қосуақов теңіз жағалауында іске асырылып жат­қан абаттандыру жұмыстарының тұр­ғын­дар үшін маңызын ескерте отырып, мер­дігер мекемеге құрылыс материал­дары­ның сапасына мән беруді және уа­қытында аяқтауды тап­сырды. Бұл жұ­мыстар осы жылдың қараша айында аяқ­талады деп жоспарланып отыр.

А.ЖАСАН