Ақтауда үйінен қашып кеткен қыз Атыраудан табылды
Ақтауда үйінен қашып кеткен қыз Атыраудан табылды
113
оқылды

Үш күнде түнгі сағат 23:00-ден кейін ата-анасының қарауынсыз көшеде жүрген 94 жасөспірім анықталған.

Әкімшілік хаттама толтырылған.

«27 қазанда полиция органдарына Маңғыстау облыстық полиция департаментінен 15 жастағы жасөспірімнің Ақтау қаласындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, отбасына оралмағаны туралы бағыттама түсті. Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімді Құрсай ықшамауданындағы нағашы әжесінің үйінен тапты. Тексеру кезінде Ақтөбе қаласында тұратын 15 жастағы жасөспірім Ақтау қаласындағы туыстарының үйіне барған. Туыстарына айтпай, таксимен Атырау қаласына келгені анықталды» делінген мәліметте.

Табылған қыз Атырау қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді.