Күнкөріс үшін кредит алатындар көбейеді – Ұлттық банк
Күнкөріс үшін кредит алатындар көбейеді – Ұлттық банк
110
оқылды

Пандемияда жұмыссыз қалғандардың артуына байланысты, кредит алушылар көбейетін болады, – деп хабарлайды AstanaTV.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Сенат отырысында осындай болжам жасады. Оның дерегінше, банк борышкерлері биыл да аз емес. Жыл басынан бері халық банктерден 14,5 трлн теңге несие алыпты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев: «Пандемияға байланысты, келер жылы жұмыссыздар көбеюі бек мүмкін. Ұлттық банк деректеріне қарағанда осының салдарынан елде банктен кредит алатындар артады. Биылдың өзінде халық банктерге 14,5 трлн теңге қарыз», – деді.