Рүстем​ Исаев Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды
Рүстем​ Исаев Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды
236
оқылды
Рүстем​ Исаев Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы  аймақ әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.   44 жастағы Рүстем Исаев Ақтөбе мемлекеттік медицина университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін бітірген.​ Еңбек жолын 1993 жылы Хромтау аудандық орталық ауруханасында реанимациялық бөлімнің санитары болып бастаған.​ Әр жылдары Ойыл​ аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, бас дәрігердің​ емдеу ісі жөніндегі​ орынбасары,​ Хромтау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.​ Осыған дейін «Ақтөбе медициналық орталығын» басқарды.