Алматыдағы  автобөлшектер базары өртенді – видео
Алматыдағы  автобөлшектер базары өртенді – видео
161
оқылды
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, өрт оқиғасы 31 қазанда сағат 14.30 шамасында «Жібек жолы» базарында болған. Өрт сөндірушілер жеткенде автобөлшектерді сататын сегіз контейнердің жоғары қабаттары жанып кеткен. «Металл контейнерлердің жану жүктемесі жоғары болғандықтан, қатты жылу сәулесі пайда болды. Бұл оның тез таралуына ықпал етті. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды және су ашық су қоймасынан алынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, өрт 30 минутта оқшауланды», – делінген хабарламада. Өрт  80 шаршы метрге жайылған. Жеке құрамнан 67 адам және 16 техника және өзара іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды. [caption id="attachment_84194" align="alignnone" width="509"]базар Фото: ашық дереккөзден[/caption]