Forbes 21 жасқа толмаған ең қымбат футболшылар рейтингін түзді
Forbes 21 жасқа толмаған ең қымбат футболшылар рейтингін түзді
5,145
оқылды
Франция құрамасының және "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Киллиан Мбаппе Forbes мәліметі бойынша 21 жастан аспаған ең қымбат футболшылар тізімінде бірінші орынға ие болды. Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі Риа Новости сайтына сілтей отырып хабарлайды.

21 жастағы форвардтың трансферлік құны 183,3 миллион еуроға бағаланды. Екінші орында мадридтік "Атлетико" футболшысы Джоау Фелиш (104 миллион), үшінші орында Лондондық "Челсидің" жартылай қорғаушысы Кай Хаверц (98 миллион).

Сондай-ақ, топ-10 кіргендер: 4. Альфонсо Дэвис (Канада, "Бавария", 88,3 миллион). 5. Маттейс Де Лигт (Нидерланды, "Ювентус", 86,8). 6. Джейдон Санчо (Англия, "Боруссия Д", 86,6 миллион). 7. Эрлинг Холанд (Норвегия, "Боруссия Д" 68,3). 8. Ашраф Хакими (Марокко, "Интер", 66,3). 9. Виктор Осимхен (Нигерия, "Наполи", 63). 10. Ферран Торрес (Испания, "Манчестер Сити", 57,7) Өткен маусымда Мбаппе барлық турнирлерде ПСЖ үшін 37 матчта 30 гол соқты.