Әшімбаев Сыртқы саяси зерттеулер институтын басқарды
Әшімбаев Сыртқы саяси зерттеулер институтын басқарды
5,152
оқылды

Сыртқы істер министрлігінде «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Отырысты ашқан Министр Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттары және міндеттерімен таныстырып, жемісті жұмыс тіледі.

Директорлар кеңесін ҚР Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев басқарды. Институттың негізгі міндеті Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, әлемдік саясат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында өзекті трендтерді сараптау болып табылады.