Мұғалімдерден пара алған мектеп директоры тергеліп жатыр
Мұғалімдерден пара алған мектеп директоры тергеліп жатыр
229
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Шымкент қаласы бойынша департаменті 9 айда атқарған жұмысының нәтижесі бойынша брифинг өткізді.  Жиын барысында департамент басшысы Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлық бойынша 49 тұлға анықталғанын айтты. Ал сотталғандар саны – 36. Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының айтуынша, параны жауапкершілікке тартпау, жұмысқа орналастыру, қызмет бойынша жалпы қамқорлығы, рұқсат құжаттарын бергені үшін алған. Биыл Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасының осындай әрекетке барғаны белгілі болып отыр. Ол сотта оң  шешім шығару үшін пара алған.  5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта тексеруші –  мемлекеттік аудитор лауазымына тағайындау үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында заңсыз сыйақы алды деген күдікпен қалалық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан білім жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілері анықталып жатыр. Екі жалпы орта мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Мысалы, департамент №34 орта мектеп директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол қамқорлығы үшін өз қарамағындағы қызметкерлерден бірнеше рет пара алған деген күдікке ілінді. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің қатысуымен бірқатар парақорлық фактілері анықталып, 10 тәртіп сақшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.