ШҚО перзентханаларының бірінде жөндеу жұмыстарынан кейін төбенің бір бөлігі құлап кетті
ШҚО перзентханаларының бірінде жөндеу жұмыстарынан кейін төбенің бір бөлігі құлап кетті
© Сурет ғаламтордан
361
оқылды
Алтай ауданының орталық аудандық ауруханасының жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде төбенің бір бөлігі құлап кетті, деп хабарлайды YK-News.kz. Куәгерлердің айтуынша, перзентхананың бір палатасында төбеде дымқыл дақ пайда болды, содан кейін еденге төбенің бір бөлігі құлап кетті. Перзентханада жақында ғана жөндеуден өткен. "Соңғы күндері Алтай қаласында 45 сантиметр қар түсті. Бұл салмақ екі жабынды табақтың жігін ашып, онда қар түсе бастады. Күндіз күн жылынғанда қар еріп, түнде температура минус болған кезде ол шатырдың жігін одан ары керіп жіберді. Су төмен ағып, езілген гипсокартон бөлігі құлап кетті", — деді аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ерлан Маматаев. Құрылыс ұйымының айтуынша, тапсырыс берушінің белгісіне олар бірден әрекет етіп, шатырды қар мен мұздан тазарта бастады.  Құрылысшылар бүлінген гипсокартон плитасын жаңасына алмастырды.