TikTok үшін қауіпті трюк жасаған оқушының ата-анасын жауапқа тартты
TikTok үшін қауіпті трюк жасаған оқушының ата-анасын жауапқа тартты
297
оқылды

Полицейлердің мәлімдеуінше, Ақтауда мектеп оқушысы көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде қауіпті акробатикалық трюк жасады.

Ұялы телефонға түсірілген әуесқой түсірілім әлеуметтік желіде тарады. Полицейлер оқушыға қатысты жеке мәліметтерді анықтады. Трюк жасаған және оны видеоға түсірген 5-сынып оқушылары екені анықталды.

Заңнамаға сәйкес жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Хаттама кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді.