Сейфуллин даңғылында болған апат салдарынан қаланың төменгі бөлігінен және қала маңынан жұмысқа қатынайтындар жолда тұрып қалды.
Қаладағы Сейфуллин даңғылында Райымбек батыр даңғылынан Үлкен Алматы каналына дейін электр кернеуі ажырап кеткен.
Сондықтан 6 қарашада оңтүстік бағыттағы қозғалыс тоқтады. Рысқұлов даңғылынан төмен қарай бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды.Жауапты мекеме өкілі: «Троллейбустар қысқыштан шығып кеткендіктен, желі кернеусіз қалған. Қазір бәрі қалпына келтіріліп жатыр», – деп мәлімдеді.