Қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысына сәйкес, Шымкент аумағында карантин және шектеу шаралары 2020 жылғы 23 қараша сағат 00:00-ге дейін ұзартылады.
Шымкент қаласының тұрғындары және қонақтары үшін: - адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген ісшараларды өткізуге тыйым салынады (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);
- 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі; - қалада жүріп-тұру кезінде маскаларды кию бойынша талапты және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет;
- үйлердің аулаларына, саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне ғана рұқсат етіледі;
- қоғамдық пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына 3 адамнан аспайтын топтарға баруға рұқсат етіледі;
- қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғанда, соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталуы тиіс.