Құрылыс барысында азамат жарақаттанып қалды (видео)
Құрылыс барысында азамат жарақаттанып қалды (видео)
169
оқылды

Бұл жайында «Алау» редакция жариялады. «Қостанай-2» тұрғыны Валерий Пастухтың мәлімдеуінше, 6 қараша күні сағат 16.15 шамасында көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ауласын салып жатқандардың бірі жарақаттанып қалды.

Белинский көшесі 3-те орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары алдымен бұлтша үйіріліп, көкке көтерілген көк түтінді байқап қалған. Терезеден қараған жұрт бір жас жігіттің жанып жатқан бөшкеге жақындай бергенде, оның жарылып, әлгіні шетке лақтырып жібергенін көрген. Сол кезде от жігіттің бетін шарпып өткен екен. Жарылысытан құлап түскен жігіт, жерде бірнеше минуттай жаттып қалды. Артынан есін жиыған жігітке жанындағылар су әкеп, беті-қолын жуып, жедел-жәрдеп шақыртты. Сол уақытты көмекке келген медбике жігіттің көз жанарының қабыршығы күйіп қалуы мүмкіндігін айтып, оған медициналық мекемеге бару керегін жеткізді. Сөйтіп тұрғынның бірі ол жігіттің ауруханаға әкеткен. [embed]https://youtu.be/HXS7V3ORmKw[/embed]

«Бұл балалар бірнеше күннен бері ойын алаңын салып жатыр, олардың жұмыс істеуіе кім рұқсат берді, қауіпсіздік қайда және оған кім жауапты? Олар дәл осы сәтте ойын алаңының жасанды жабындысын жапсырып жатқан. Желімді бір бөшкеге салып, отқа қыздырып отырған олардың жұмысын ешкім бақылап-басқарып тұрмады. Осы оқиғадан  кейін барлық жұмыс тоқтатылды. Алайда жарылыстан соң ол жерге кішкентай балаларда үйіліп, шықпай жүрген», - деді Валерий Пастух.

Ал Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық балалар ауруханасында мұндай жағдаймен ешкім түспегенін мәлімдеді.