Сұлулық байқауының жеңімпазы – теміржолда машинист
Сұлулық байқауының жеңімпазы – теміржолда машинист
128
оқылды

27 жастағы үндістандық ару Аршдип Каур - қазір Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында отбасымен бірге тұрады.

Ол жасөспірім кезінен түрлі сұлулық байқауларына қатысқан екен. Нәтижесінде,  Аршдип 2017 жылы «Мисс Үндістан» байқауының жеңімпазы, 2019 жылы «Әлем аруы» сұлулық байқауының финалисті атанған. [caption id="attachment_85839" align="alignnone" width="794"]сұлу ©сурет интернеттен алынды[/caption] Соның арқасында оның модельдік ортада жолы ашылды. Бірақ ол соған қарамастан өз өмірін онымен байланыстырғысы келмей, негізгі мамандығы бойынша мұғалім болмақшы болған. Алайда «адамның ойлағаны емес, Алланың жазғаны болады» екен. Мұғалімдік жұмысты іздеп жүрген ол, кенеттен  Сидней теміржол компаниясына машинист іздестіріп жатқан хабарландыруды көріп, хабарласқан. Соған қажетті барлық емтихандары мен сынақтарын тапсырып өткен ол жұмысқа орналасты. Енді ол стажер-машинист ретінде бүкіл Сиднейде пойыз жүргізуде. Бұйырса, 2021 жылдың наурыз айында сертификатын алса,  нағыз пойыз жүргізушісі болмақшы. Ол сол күнді асыға күтуде.

Daily Mail мәлімдеуінше, бойжеткенге айналысып жүрген кәсібі қатты ұнайды екен. Тіпті, көлік жүргізуді өз кәсібі деп санайды. Содан болар Instagram парақшасында жұмыс барысынмен бөлісіп жатады. Арасында модель ретінде жұмысын жалғастыруда екен.