«Ол кезде ауыл тұрғындарының азығы – даланың аңы. «Мергеннен – сыралғы, батырдан – сауға» демекші, кезінде аңшы алған аңның етін бүкіл ауыл болып бөліп жеген. Бүгінде елдімекеннің тау-тасы, құмына басылған ізді танимын. Алғаш рет аңға 20 жасымда шықтым», - деді Аллаберді Ақшабаев.