Соңғы бірнеше күннің ішінде нан 20-30 теңгеге қымбаттап кетті. Енді Атырау тұрғындары оның артынан бидай наны да қымбаттайды деп қорқып отыр.
Әкімшіліктің хабарлауынша, нан бағасы шынымен көтерілген. Алайда әлеуметтік аз қамтылған топтарға бұл баға әсер етпейді екен.
«Мәселен, 1-ші сұрыпты нан бағасы қымбаттамған. Бірақ бөлке мен қара бидай нанының бағасы өскен» дейді әкімдік.
Қазір Атырауда қара нан мен бөлке 150-160 теңгені, әлеуметтік аз қам тылған топтың наны 79-90 теңге.