Ұлттық банк 91 миллион долларға валюталық интервенция жасады
Ұлттық банк 91 миллион долларға валюталық интервенция жасады
150
оқылды
Оның айтуынша, пандемия, Еуропадағы қайта енгізілген карантин, АҚШ-тағы президент сайлауы – қазан айында әлемдік қаржы нарығына едәуір әсер етті. Сол себепті Ұлттық банк теңге бағамының тұрақсыздығын әрі күрт құбылуын болдырмас үшін интервенция жасады.

«Сыртқы нарықта жағдай құбылмалы болды. Алайда, қазанның соңғы күндерінде энергия тасығыштарға бағаның күрт төмендеуі аясында теңгеге айтарлықтай қысым болды. Айдың соңғы аптасында мұнайдың бір баррелінің құны төмендеді. Биыл сәуірден бастап баға 10,3%-ға төмендеді.Осы кезеңде валюта нарығында валюта ұсынысының күрт төмендеуі және өтімділіктің төмендігі байқалды, осыған байланысты Ұлттық банк 91,3 млн долларға валюталық интервенция жүргізді»,– деді Әлия Молдабекова.